$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Мұнай компаниялары АҚШ-қа табиғатқа келген зиян үшін 5 миллиард төлейді

AstanaTV
04.04.2014ж. 13:00
903
Мұнай компаниялары АҚШ-қа табиғатқа келген зиян үшін 5 миллиард төлейді

«Anadarko Petroleum Corp» мұнай компаниясы қоршаған ортаны ластағаны үшін Америка Құрама Штаттарына 5,5 млрд доллар көлемінде айыппұл төлейді.

Айта өтейік, бұл АҚШ өндіріп алған айыппұлдардың ең ірісі. Прокурорлардың айтуынша, компания келтірген зиян үшін өтемақыны салық төлеушілер өтеп жүрген. Бастапқыда «Anadarko» басшылығы мұндай ірі көлемдегі айыппұлды төлеуге келіспеген көрінеді.

Алайда, әділет министрлігімен арадағы дауды ушықтырмау үшін, ақыры мойынсұнды. Айыппұлдың 4,4 млрд доллары бірқатар штаттарға тиесілі.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА