$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Қырғызстанда Үкімет ауысты

AstanaTV
04.04.2014ж. 13:00
890
Қырғызстанда Үкімет ауысты

Қырғызстанда үкімет ауысты. Бұл жөнінде Қырғыз ақпарат құралдары хабарлайды.

Ауыс-түйісті 120 депутаттың 103-і жақтап, дауыс берген. Бірқатар министрлер орынтағын босатты.

Атап айтар болсақ, қорғаныс және мәдениет министрлігінің басшылары жаңарған. Ізінше кейбір ведомстволардың вице-министрлері де ауысты. Үкіметті Джоомарт Оторбаев басқаратын болды. Бұған дейін ол бірінші вице-премьер лауазымын атқарған.

Естеріңізге салсақ, наурыз айында «Ата мекен» партиясы экс-премьер Жанторо Сатыбалдиевтың жұмысына көңілдері толмайтынын жеткізіп, коалиция қатарынан шығып кеткен. Мұнан соң Сатыбалдиев отставкаға кетуді ұйғарды. Наурыз айының соңында жаңа коалиция жасақталды. Бірақ құрамы өзгерген жоқ.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА