$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Молдова ТМД арасында бірінші болып Еуроодақ елдеріне визасыз енбек

AstanaTV
04.04.2014ж. 13:00
1141
Молдова ТМД арасында бірінші болып Еуроодақ елдеріне визасыз енбек

Еуроодақ пен Молдова арасында визасыз жүйе енгізілмек. Келісім 28 сәуірден бастап жүзеге асады. Визасыз жүйе қысқа мерзімді сапарға мүмкіндік береді. Яғни биометрикалық куәлігі бар Молдова азаматтарының Еуропада жарты жылдай тұруына болады. Алайда жұмысқа орналасуына рұқсат жоқ.

Айта кетейік, Молдова - ТМД елдері ішінде Еуроодақпен визасыз жүйе жайында келісімге келген алғашқы мемлекет. Келіссөздер үш жыл бойы жүргізілді. Визасыз жүйені Ресей де алуға ниетті. Алайда соңғы саяси жағдайларға байланысты бұл мәселенің оң шешім табуы екіталай.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА