$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Көктем тасқынының алдын алу мақсатында Батыс Қазақстан облысының аумағы әуеден барланды

AstanaTV
07.04.2014ж. 10:00
888
Көктем тасқынының алдын алу мақсатында Батыс Қазақстан облысының аумағы әуеден барланды

Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында Батыс Қазақстан облысының аумағы әуеден барланды. Облыстың үш ауданындағы су қоймалар мен гидротехникалық бөгеттерді тікұшақпен аралаған жауапты сала мамандарының сөзінше, қазір төніп тұрған қауіп жоқ. Өйткені, өзендердегі су мөлшері қалыпты деңгейде. Өңірдің оңтүстік аудандары да қардан толығымен арылған. Ендігі мақсат - жаз кезінде мал азығын молынан жасақтау үшін көктемде еріген қар суын пайдалану болып отыр. Күні бүгін 30 мың гектар жер суландырылып, алдағы уақытта тағы да 30 мың гектар аумаққа су жіберу көзделуде.

«Батыс Қазақстандағы 40-қа тарта су қоймалардағы жағдай да қалыпты. Бірақ, тасқынның болу ықтималдығы Жайықтың бастауындағы Орынбор мен Саратов облыстарынан жіберілетін судың мөлшеріне байланысты. Сондықтан, қатердің беті әлі сейілді, деп кесіп айтуға ерте», - дейді мамандар.

Қазыбек Кенжеғалиев
, «Қазсушар» РМК БҚОФ директоры:

Жайық өзенінің бойындағы шағын өзендердің суы көтерілді. Ал трансшекаралық Үлкен және Кіші өзендердегі су тасып болды. Сонымен қатар, трансшекаралық Шаған өзенінде де жағдай қалыпты. Алайда, Жайықтың жоғарғы бетінде су әлі таси қойған жоқ. Су тасқынының болу-болмауы сәуір айының соңы мен мамыр айының басында ғана белгілі болмақ.

Еркін ҚАРИН