Қызылордада екі қабатты үйлердің бірінде балкон опырылып түсті. Сол мезетте балконда жайған киімдерін жинауға шыққан әйел үш метр биіктен құлаған. Абырой болғанда, ол аман қалды. Дәрігерлер жеңіл жарақаттарын тігіп, үйіне қайтарған. Ал шенеуніктер тозығы жеткен үйді тұрғындар өз күштерімен жөндеп алуы керек деп отыр. Шарипа Сақтапова бұл үй неге апаттылар тізіміне енбегенін біліп қайтты.
Ақмарал
Оймауытова кеше кешкісін әдеттегідей отбасымен ас ішіп, теледидардан сүйікті
сериалын тамашалаған. Сосын балконда жайылып тұрған киімдерді жинауға шыққан
әйел барлығы әп-сәтте болғанын айтады.
Өзімнің тірі екенімді қызымнын шыңғырған
дауысынан білдім. Он жасар қызым сабақ оқып жатыр еді. Жедел жәрдем келді,
қызметін көрсетті. Жасады отасын жеңіл. Тігу керек деп екі жерден. Әкімнің орынбасары өзі түске дейін келем деп уәдесін берген. Мен сол кісіні күтіп
жатырмын.
Оқыс
оқиғадан далада жүрген балалар зардап шекпеді. Тұрғындар осыған шүкіршілік
етуде. Өйткені осы сәтте балақайлар үй ауласында ойнап жүрген.
Бақыт
Ембергенов, «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр
жедел құтқару жасағының» жетекшісі:
Құлаған әйел кісіге жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге
көмек көрсетіп, транспортировкаға көмектестік. Содан кейін балконнан құлаған
конструкцияларын арнайы құралғы жабдықтармен жерге түсіріп бердік.
Тұрғындардың
айтуынша, бұл баспанада бұған дейін де
осыған ұқсас оқыс жәйттер орын алған. 56 жыл бұрын салынған екі қабатты
үйде күрделі жөндеу жұмыстары жасалмағалы жиырма бес жыл болған. Сондықтан
қауіпсіздік шараларын жасау шұғыл қажет деп отыр.
Тәрбие
Аюбаева, Титов шағынауданы 5 үйдің тұрғыны:
25
жылдан бері көрген жоқ ешқандай ремонт. Екі-үш жыл бұрын подъездіміздің
лестницасы құлады. Құдай сақтап калып, адам шығыны болған жоқ. Балкондарымыздың бәрі түсейін деп тұр, қатты жаңбыр, қатты жел болса, барлығы құлайды.
Десе
де, бұл баспана апаттық жағдайда деп танылмаған. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық және тұрғын үй испекциясы бөлімінің басшысы осы үйдің тұрғындары
ешқашан шағымданбағанын айтты.
Ерлан
Бердібаев, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекция
бөлімінің басшысы:
Бүгінгі
күнге апаттық үй қатарына енгізілмеген. Себебі ол үй тұрғындарынан тарапынан
ешқандай ұсыныс, өтініштер білдірілмеген. Апаттық үй болып тану үшін, аталған
үйлер тұрғындарынын тарапынан инициатива көтерілуі керек, аккредитациядан өткен
арнайы тәуелсіз мекеме арқылы апаттық үй болып танылады, тексеріледі. Арнайы
зерттеулер жүргізіледі, содан кейін апатты үй тізіміне енгізіледі.
Титов
шағын ауданындағы көпқабатты үйлер жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған.
Бірақ бір бөлігі ғана апатты үйлер тізіміне енгізілді. Жалпы қала бойынша жыл
басында қырық бір көп қабатты үй апатты деп саналса, соның жиырмасының
тұрғындары жаңа үйлерге көшірілді. 202 отбасы кезек күтіп отыр.
Шарипа САҚАПОВА