$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Соломон аралдарындағы алапат су тасқынынан 17 адам опат болды

AstanaTV
07.04.2014ж. 10:00
1384
Соломон аралдарындағы алапат су тасқынынан 17 адам опат болды

Соломон аралдарындағы алапат су тасқынынан 17 адам опат болды. Тағы 30 шақты тұрғын із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Әсіресе, ел астанасы қатты зардап шекті. Ондағы тұрғын үйлердің көбісі су астында қалды. Көптеген жолдар мен ғимараттар қираған.

Хониардағы жағдай күрделі деген құтқарушылар болжамы көңіл көншітпейді. Матаникау өзені арнасынан шығып, 12 мыңдай адам баспанадан айрылды. Жалпы 49 000-дай жан жапа шекті. Тұрғындар күні-түні қауіпсіз жерлерге көшіріліп жатыр. Экономикалық шығын есептеліп жатыр.

Жұрағат БАМАН