$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Ресейдің «Газпромнефть» компаниясы Хорватия шельфіндегі көмірсутек өндірісінің тендеріне қатысуға қызығушылық танытып отыр

AstanaTV
07.04.2014ж. 10:00
1045
Ресейдің «Газпромнефть» компаниясы Хорватия шельфіндегі көмірсутек өндірісінің тендеріне қатысуға қызығушылық танытып отыр

«Газпромнефть» Хорватия шельфіндегі көмірсутек өндірісінің тендеріне қатысуға қызығушылық танытып отыр. Алайда хорватиялық INA өндіріс орнынан үлес алу жайында әңгіме жоқ. Бұл жайында компания басшысы Александр Дюков мәлімдеді.

Еске салайық, Хорватия Адриатика теңізіндегі 29 мұнай-газ кен орнын барлау және одан әрі игеру жұмыстарын ашық аукционға салған болатын. Сұраным қабылдау 3 қарашада аяқталады, ал қорытынды 2015 жылы шағарылады. Кен орындарына «Газпром»-мен қатар «Лукойл» да қызығушылық танытты.

Бұдан бұрын, БАҚ «Ресей мұнайдың» аталмыш орындардан дәмелі екендігін хабарлаған. Ресейге АҚШ тарапынан жасалған шектеулер қолбайлау емес тәрізді. «Мемлекет мұнайсыз қалмайды, - дейді биліктегілер. «Газпромнефть» көптеген елдердің кен орындарында жұмыс жасап жатыр, оның ішінде Ирактың Вассит елді мекені бар. Ал «Лукойл» Ирактың батысындағы «Курне 2-де» мұнай үлесінің басым бөлігін Бағдатқа береміз деген шартпен жұмысын бастады.

Жұрағат БАМАН