$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«СКАТ»-тың Шымкент-Астана бағытындағы ұшағы апатты жағдайда қонып, бірнеше рейсті тоқтатты

AstanaTV
07.04.2014ж. 13:00
968
«СКАТ»-тың Шымкент-Астана бағытындағы ұшағы апатты жағдайда қонып, бірнеше рейсті тоқтатты

Бірер сағат бұрын «СКАТ» әуекомпаниясына тиесілі «Боинг-737» ұшағы аппаты жағдайда Астана әуежайына қонды. Бұл туралы «Астана Халыраралық әуежайының» баспасөз қызметі хабарлайды.

«Шымкент-Астана» әуерейсі елордаға таңғы сағат тоғыздан жиырма бес минут кеткенде табан тіреуі тиіс-тін. Алайда, техникалық ақауға байланысты бір сағат жиырма үш минутқа кешігіп қонды. Апатты қону іске асырылғанша, екі сағатқа жуық әуежай өзге ұшақтарды қабылдаған жоқ. Кесірінен ұшып-шығуы тиіс төрт техника мен қонуы тиіс үш рейс жолынан бөгелді. Соңғы үшеуі Қарағанды әуежайына қонуға мәжбүр болды.

Ал, апатты ұшақтың бортында бес экипаж мүшесі мен 89 жолаушы болған. Абырой болғанда, барлығы дін аман. Қазір тергеу жұмыстары басталды. 


Людмила Копейчук, «Астана» Халықаралық әуежайы» АҚ маркетинг бөлімінің бастығы:

Службы аэропорта были приведены в готовность. Посадочную полосу покрыли пеной для предотвращения пожара. После получения сообщения о чрезвычайной ситуации в аэропорт прибыли семь единиц пожарной техники и пять машин
«Скорой помощи».

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ