$479.05 €534.57 ₽5.17
×

АҚШ-тың Citigroup банкі инвесторларға 1 млрд доллардан астам қаржы төлейтін болды

AstanaTV
08.04.2014ж. 20:00
1240
АҚШ-тың Citigroup банкі инвесторларға 1 млрд доллардан астам қаржы төлейтін болды

АҚШ-тың Citigroup банкі инвесторларға 1 млрд доллардан астам қаржы төлейтін болды. Бұл ақша құнды қағаз аламын деп шығынға батқан 18 инвесторға тиесілі.

Келісім бірнеше жыл бұрын қаржы дағдарысы кезінде жасалған. Құрдымға кеткен инвесторлар арасында ірі инвестициялық холдинг пен алпауыт қаржы компаниясы бар. Олар сот арқылы бірнеше жыл бойы Citigroup-тан материалды шығынның орнын толтыруды талап етіп келген.

Келісім бойынша банк көрсетілген сомада аталмыш инвесторлардан құнды қағаз сатып ала алмайды. Есесіне, инвесторлар банкке жаңа талап қоя алады. Қазір аталмыш келісім соттың мақұлдауын күтуде.

Айта кетейік, ақпан айында Нью-Йорк соты Bank of America банкінің инвесторларға 8,5 млрд доллар төлейтіні жөнінде шешім шығарған. Ол ипотекаға қатысты шығындардың орнын толтыру үшін жасалды.