$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Парламент Каталонияның Испаниядан бөлінуіне қарсы дауыс берді

AstanaTV
09.04.2014ж. 13:00
1202
Парламент Каталонияның Испаниядан бөлінуіне қарсы дауыс берді

Каталония Испания құрамында қалады. Испания парламенті депутаттары көпшілік басымдықпен осындай шешімге келді. Олардың пікірінше, каталондықтардың бүкіл Испанияның тағдырына әсер ететін шешім қабылдауға құқығы жоқ.

Онда 1978 жылғы Конституцияны өзгертуге тура келеді. 7,5 миллион халқы бар Каталония Испанияның жалпы ішкі өніміне орасан әсері бар. Ол бір триллион еуродан артық. Ал каталондықтар бөлістен соң экономика оңалады деп есептейді.

Еске салайық, Испанияның конституциялық соты 9 қарашаға белгіленген Референдумды заңсыз деп тапқан. Десе де, Каталония аймақтық президенті Артур Мас дауыс беру бәрібір жүргізіледі деген. Сондай-ақ, бөліну тура талапты итальяндық Венеция мен британдық Шотландия да көтеріп отыр.