Ал Павлодарда
қантпен қамтамасыз еткен төрт бірдей мекеме бағаны негізсіз көтергендігі үшін
заң алдында жауап бермек. Өңірдің табиғи монополияларды реттеу және
бәсекелестікті қорғау департаменті, бұл компаниялардың әрекетін заңсыз деп
танып, сотқа берді. Анықталғандай, кәсіпкерлер қант құнын 160 теңгеден 230
теңгеге дейін қымбаттатқан. Арнайы жүргізілген тексеріс қорытындысы, төрт
мекеменің бағаны өзара ымыраласып көтергенін әшкере етті. Қанттың құнын олар
күздің алғашқы айларында, яғни тосап қайтанатын кезде әдейі көтеріп жіберген.
Сөйтіп, бір күнде дүкен сөрелеріндегі шекер орташа есеппен 15-25 пайызға
өсіпті. Департамент өкілдерінің пікірінше, ол кезде қант бағасының көтерілуіне
ешқандай негіз болмаған. Айта кетерлігі, қазір сауда орталықтарында қанттың әр
келісі 200 теңгемен сатылуда.
Мұрат Оспанов, Павлодар облыстық Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының орынбасары:
Егер сот заң бұзушылықтың
шынымен де орын алғанын дәлелдесе, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 159
бабына сәйкес, кәсіпорындар айыппұл төлеуге міндетті. Айыппұл мөлшері
монополисттік әрекет кезінде түскен табыстың 3 пайызы көлемінде белгіленеді.
А.МҰХИТОВА