$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Депутаттар «SCAT» әуе компаниясын уақытша лицензиясынан айыруды ұсынды

AstanaTV
10.04.2014ж. 13:00
907
Депутаттар «SCAT» әуе компаниясын уақытша лицензиясынан айыруды ұсынды

Сенатор Жабал Ерғалиев «SCAT» әуе компаниясының лицензиясын уақытша қайтарып алу керек деп есептейді. Бүгін ол Парламент Сенатының жалпы отырысында Үкімет басшысына осындай сауал жолдады.

Айтуынша, «аталмыш компания ұшақтарының жарамдылығын тексеріп, ұшқыштарының да кәсіби біліктілігін қатаң бақылау қажет. Ол үшін шетел мамандарын шақыртсақ артық болмайды. Алда жаз айлары. Отандастарымыз алыс, жақын шетелге демалуға асығатыны аян. Алайда, осы орайда «SCAT» әуе компаниясына сенім жоқ», - деп кесті ол.

Еске салсақ, 2013 жылдың 29-қаңтарында Көкшетаудан ұшып шыққан «SCAT» әуе компаниясының ұшағы Алматы түбінде апатқа ұшыраған болатын. Онда 27 адам қаза болды. Соңғы 10 күннің ішінде тағы екі ұшақ апатты жағдайда жерге қонды. Сенатор, өзі де осы компанияның ұшағына мінуге үрейленетінін ашық айтты.

Жабал Ерғалиев, Қ
Р Парламентi Сенатының депутаты:

Ұшуға тура келеді. Кішкене болсын көңілде үрей болатындығы жасырын емес. Кейбір әріптестеріміз шыққанда бір-бірімізбен әзілдесіп, осы жағдайды айтамыз. Әй, мынау
SCAT екен, Алла тағала аман-есен қылса жарар еді, деп.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА