$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Ресей Бостон террористі жайындағы ақпаратты бүккені үшін айыпталуда

AstanaTV
10.04.2014ж. 13:00
821
Ресей Бостон террористі жайындағы ақпаратты бүккені үшін айыпталуда

АҚШ Ресейді «Бостондық лаңкес» жайлы ақпаратты жасырды деп айыптап отыр.

Америкалықтардың айтуынша, Мәскеу ағайынды Царнаев жайлы қасақана тіс жармаған. Бұл жайлы The New York Times Орталық барлау басқармасының терроризмнің алдын алу жайында жасаған баяндамасына сілтеме жасай отырып жазады.

Мақалада Ресей жағы 2011 жылы Тамерлан Царнаевтың радикалды исламға қатысы барын анықтағаны жайында айтылады. Алайда Ресей федералдардан бұл ақпаратты жасырған. Тек қайғылы оқиға орын алғаннан кейін барып, Ресей АҚШ-қа Царнаев туралы қосымша ақпарат берген мыс. Сонымен қатар, телефон арқылы тыңдалған Царнаев пен анасының исламдағы джихад жайындағы әңгімесі сөз етілді.

Еске салайық, өткен жылдың 15 сәуірінде Бостон қаласында болған жарылыс кезінде 3 адам қаза тауып, 200 астам адам жарақат алған.