$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Ресейдің депутаттары КСРО-ның күйреуі үшін Горбачевтің жауап беруін талап етті

AstanaTV
10.04.2014ж. 13:00
1304
Ресейдің депутаттары КСРО-ның күйреуі үшін Горбачевтің жауап беруін талап етті

Ресей думасы Михаил Горбачевке қарсы шықты. Бірнеше фракция депутаттары бас прокурор Юрий Чайканың атына КСРО экс-президенті Михаил Горбачевтің әрекетін тексеру жөнінде депутаттық сауал тастады.

Олардың айтуынша, референдум кезінде халық Кеңес үкіметінің тұтастығын қолдағанымен, басшының әрекеттері алып империяның құлауына әкеліп соққан. Депутаттар прокурорлық тексерістен кейін Горбачевке қарсы қылмыстық іс қозғалатынына сенеді. Бұл Жайында «Известия» жазады.

Белсенділер 1991 жылдың 4 қарашасында Кеңестің бірінші және соңғы басшысына қарсы іс қозғалып, келесі күні тоқтатылғаны жайында сөз етті. Олардың айтуынша, Горбачевтің істеген қылмыстарының ешқандай ескіру мерзімінің болуы мүмкін емес.