$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстан Қорғас өзенінде су торабын салу туралы ҚХР-мен келісімді ратификациялады

AstanaTV
10.04.2014ж. 13:00
839
Қазақстан Қорғас өзенінде су торабын салу туралы ҚХР-мен келісімді ратификациялады

Қазақстан мен Қытайдың ортақ су торабы салынбақ. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында екі ел арасындағы Қорғас өзенінде «Достық» бірлескен ортақ су торабын салудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы ҚР Заңы қабылданды. Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровтың айтуынша, Қытай да бұл ұсынысты қолдап жатыр.

Айта өтейік, келісім 2010 жылғы 13 қарашада жасалған. Оған сәйкес, тараптар «Қорғас» шекара пунктiнен 24,5 шақырым қашықтағы Қорғас өзенiнде «Достық» бiрлескен ортақ су торабын салуды жүзеге асырады. Құрылысты қаржыландыруды су торабы жалпы құнын 50%-дан бөлiсiп, бірлесе жүзеге асырады.

Нұрлан Қаппаров
, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі:

Қаупі бар болғандықтан, біз сондай селден қорғайтын платинаны салайын деп жатырмыз. Қытай да оны қолдап жатыр.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА