$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Қазақстан мен Қытайдың ортақ су торабы салынбақ

AstanaTV
10.04.2014ж. 20:00
1309
Қазақстан мен Қытайдың ортақ су торабы салынбақ

Қазақстан мен Қытайдың ортақ су торабы салынбақ. Бүгін Сенат екі ел арасындағы Қорғас өзенінде «Достық» бірлескен су торабын салудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы Заңды қабылдады. Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровтың айтуынша, Қытай да бұл ұсынысты қолдап отыр.

Айта өтейік, келісім 2010 жылы қарашада жасалған. Оған сәйкес тараптар "Қорғас" шекара бекетінен 25 шақырымдай қашықтағы Қорғас өзенiнде ортақ су торабын салуды жүзеге асырады. Құрылысты қаржыландыру жағы қос мемлекетке де тиесілі болмақ. Яғни су торабы жобасының жалпы құнын екі ел 50 пайыздан бөлiсiп, бірлесе жүзеге асырады.

Нұрлан Қаппаров, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі:

Қауіпі бар болғандықтан, біз сондай селден қорғайтын плотинаны салайын деп жатырмыз Қытай да оны қолдап жатыр.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА