Ұшты-күйлі жоғалған Boeing ұшағынан дабыл. Іздестіру аймағынан сигнал түсті, ол
ізім-ғайым жоқ болған ұшақтың қара жәшігінен шығуы мүмкін. Аустралия премьер-министрі Тони Эббот осыны мәлімдеді. Мalaysia Airlines компаниясына тиесілі ұшақ қазір Үнді мұхитында іздестіріліп жатыр.
Еске
салайық, Куала-Лумпурдан Пекинге қарай жол тартқан Boeing 777-200 ұшағы 8 наурызда жоғалып кетті. Оның
құрамында 227 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған. Малайзияның премьер-министрі Наджиб Разак 24 наурызда апатқа ұшыраған ұшақтың Үнді теңізінен табылғанын хабарлаған.
Спутниктік зерттеу нәтижесінде ұшақ
қалдығы теңіздің оңтүстік жағалауынан табылған айтқан. Дегенмен, бұл дерек расталмады. Ал
Аустралия премьер-министр соңғы түскен сигнал малайзиялық Боингтен шыққанына сенімді.
Сымбат
МОЛДАТАЙ