$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Әлемнің 40 банкі юаньға басымдық беруде

AstanaTV
11.04.2014ж. 10:00
1071
Әлемнің 40 банкі юаньға басымдық беруде

Әлемнің 40 банкі юаньға бәс тігуде. Бұл жайында Халықаралық Валюта Қорының мәліметтеріне сүйене отырып Standard Chartered банкі хабарлайды. Мәселен, 2003 жылы дамушы мемлекеттер долларға емес, өзге валютаға салым салуды арттырған.

Орталық банктер кірісін ұлғайту үшін юаньға басымдық беруде. "Қытаймен тығыз қарым-қатынас жасаған елдер бұдан ұтады", - дейді сарапшылар. Таяуда Ұлыбритания банкі мен Қытай халық банкі юаньмен жұмыс істейтін алғашқы есептесу орталығын құру жайлы келісім жасасқан.

Қазір Қытайдың Жапония, Ресей, Бразилия, Чили, Иран және Қазақстанмен жасасқан юаньмен есеп айырысуға қатысты келісімі бар. Қаржы мамандары Юань доллардың орнын басады дегенге күмәнданбайды.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА