$479.05 €534.57 ₽5.17
×

ЭКСКЛЮЗИВ: ШҚО-да жұмысына салғырттық танытқан құрылыс фирмаларының қара тізімі жасалды

AstanaTV
11.04.2014ж. 20:00
1055
ЭКСКЛЮЗИВ: ШҚО-да жұмысына салғырттық танытқан құрылыс фирмаларының қара тізімі жасалды

Шығыс Қазақстан облысында жұмысына салғырттық танытқан құрылыс фирмаларының қара тізімі жасалды. Құрылысты кешеуілдеткен мердігер компаниялар келер жылы тендерге қатыса алмайды. Бұл жайында арнамызға берген эксклюзивті сұқбатта облыс әкімі Бердібек Сапарбаев айтты.

Бердібек Сапарбаев, Шығыс Қазақстан облысы әкімі:

Біз право қорғау қызыметкерлерімен мерзімін кешіктірген, уәдесін орындамаған мердігерлердің кейбірін соттадық, кейбірі жұмысынан шықты. Және жұмысына жауапсыз фирмалардың қара тізімі қаралды. 

Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың біздің арнамызға берген сұхбатының толық нұсқасын ертең 20:30-да «Біздің уақыт» бағдарламасынан көріңіздер!

Қанат ОРАЛБЕК