Жеңіс
мерекесі қарсаңында Астанадағы қарттар мен мүгедектер үйінің тұрғындары да
назардан тыс қалмады. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара
Дүйсенова осында тұрып жатқан соғыс ардагерлерін Жеңістің 71 жылдығымен
құттықтай келді. Әрине, құр қол емес, ала келген сый-сияпаты да бар. Бұл үйде
қазір 304 қария өмір сүріп жатыр, соның төртеуі - Ұлы Отан соғысының батыры. 16 қарттың
дәрежесі осы санатқа теңестірілгендер, тағы 34 адам - тыл еңбеккерлері.
Ардагерлерге қаладағы бірқатар мекемелер мен ұйымдардың өкілдері де әлеуметтік
көмек көрсетіп жатыр. «Жас ұлан» республикалық мектебінің өрендері шеру
ұйымдастырды. Қарттардың құрметіне майдан алаңын еске салатын тағамдар
әзірленіп, дастархан жайылды.
Тамара
Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:
Сіздер
Ұлы Отан соғысында, майдан шебінде ел іргесін қорғап, қираған ауыл шаруашылығын
қалпына келтірдіңіздер. Патриоттық рұхтың айқын үлгісін танытып, тәуелсіз
Қазақстанның берік негізін қаладыңыздар. 1945 жылдан бері қаншама жылдар өтсе
де, ел басына күн туған заманда өмірлерін өлімге қиған отандастырымыздың
есімдері жүрегімізде мәңгі сақталады.
Елімізде
3668 Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Тағы 22 мыңнан астам адам - осы санатқа
теңестірілгендер. Ардагерлерге бюджеттен берілетін бір реттік жәрдемақыға биыл
2,5 млрд теңге бөлініп отыр.
Владимир
Сильвестро, тыл ардагері:
Енді
ешқашан соғыс болмасын. Біз көрген сұмдықты ұрпағымыз көрмесін. Ол кезді ұмыту
мүмкін емес. Аман болайық.
Құралай
ПИОНЕР