$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Хакасия парламентінің төрағасы қазақстандықтардан кешірім сұрады

AstanaTV
14.04.2014ж. 13:00
1240
Хакасия парламентінің төрағасы қазақстандықтардан кешірім сұрады

Хакасия парламентінің төрағасы Қазақстаннан кешірім сұрады.

Еске сала кетейік, өткен аптада ресейлік «Шанс» интернет ресурсы Хакасия Жоғарғы кеңесі төрағасының Қазақстан мен Ресей арасындағы тарихи қарым-қатынасы туралы мәлімдемесін тарақтан. Онда Владимир Штыгашев еліміздің шығысын Ресейдің жеріне балаған.

«Кенді Алтай қашанда Ресей құрамында болған. Қазақстанның өз жері негізі аз еді. Біз Қазақстанға 5 облысты бердік...», - деген-ді. Кейін Хакасия парламентінің баспасөз қызметі оның сөздерінде ешқандай саяси астар болмағандығын айтып, ақталды. Енді Штыгашев өз мәлімдемесіне қатысты жеке пікірін білдірді.

Владимир Штыгашев, Хакасия Жоғарғы кеңесінің төрағасы:

Ешбір мемлекетке, соның ішінде Қазақстанға қатысты тарихи құқық пен аумақтық емеурін таныту туралы ешқашан айтқан емеспін. Қазақстан біздің көршіміз, досымыз және әріптесіміз. Менің сөздерім ел арасында түсініксіздік туғызып, бауырлас халқымыздың көңіліне қаяу түсіргені мені қатты қынжылтады. Егер мен өзімнің сөздеріммен біреуді лажсыз ренжітсем, шын көңіліммен кешірім сұраймын.

Жұрағат БАМАН