2015 жылдан бастап Қазақстанда құрылыс саласы еурокод жүйесіне көшпек. "Бұл ғимараттардың сейсмикалық төзімділігін қамтамасыз етіп, энергия үнемдеуге
әсерін тигізеді", - деп жазады "Айқын" газеті.
Германиядан
келген білікті мамандар еуропада кеңінен қолданылатын жүйенің қыр-сырын
үйретпек. "Қазақ құрылыс-сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау
институты" бас директорының бірінші орынбасары Миркен Сейітқасымұлының
айтуынша, жаңашылдықтың қауіпсіздікке тигізер септігі зор. Нысандардың
төзімділігі арта түседі.
Айта өтейік, әр ел өзінің заңына сәйкес,
ғимараттардың, құрылыс материалдары мен бұйымдардың қауіпсіздігін сақтайтын
техникалық регламенттер қабылдайды. Елімізде мұндай нормалар 90%-ға дейін
қайта қарастырылып әзірленді. Жаңа нормативтік база 2015 жылдан бастап
қолданысқа енгізіледі деп күтіліп отыр. Бұл үрдіс Беларусь, Ресей елдерінде де
қолға алына бастады.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА