$541.01 €640.34 ₽6.52
×

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені төмендетуге шешім қабылдады

AstanaTV
06.05.2016ж. 20:00
Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені төмендетуге шешім қабылдады

Елдегі ақша-несие саясатын тиімді реттеу мақсатында Ұлттық банк базалық мөлшерлеме деңгейін 17%-дан 15%-ға төмендетпек. Осылайша, нарыққа қатысушылар үшін түрлі операциялар жеңілдейді. Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. Тиісінше, пайыздық мөлшерлеме дәлізі плюс-минус 2 пайыз бен 1 пайыз аралығында болады. 


Сондай-ақ биылғы инфляциялық көрсеткіштерге қатысты болжамдар да жария етілді. 2016 жылғы 4 айда инфляция 3,6 пайызды құрады. Ал  Ұлттық Банктің 2016 жылдың соңына дейінгі жылдық инфляция бойынша болжамы 6-8 пайыз мөлшерінде қалу керек,- дейді  Ақышев.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ