$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Ресейге қарсы санкциялар Латвияда 20 мың адамды жұмыссыз қалдырады

AstanaTV
15.04.2014ж. 10:00
916
Ресейге қарсы санкциялар Латвияда 20 мың адамды жұмыссыз қалдырады

Ресейге қарсы енгізілетін жаңа халықаралық санкциялар Латвияда 20 мың адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін. Мұндай мәлімдемені әл-ауқат министрлігінің мемлекеттік хатшысы Иева Яунземе жасаған.

Оның айтуынша, бірінші ауыртпалық «Латвия темір жолдары» компаниясына түседі. Өйткені, ол Ресеймен тығыз қарым-қатынаста. «Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар балық өндірушілерге де қатаң тиеді», - дейді Янзуме. Әсіресе, біліктілігі төмен жұмыс күшінің жағдайы қиындамақ. Алайда Еуропалық одақ санкциялардың «үшінші кезеңін» салудан кідіріп отыр.

Айгүл ӘДЕПБАЙ