$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Петропавлда қағаз қалдықтары кәдеге жаратыла бастады

AstanaTV
15.04.2014ж. 10:00
1378
Петропавлда қағаз қалдықтары кәдеге жаратыла бастады

Петропавлда қағаз қалдықтары кәдеге жаратылуда. Арнайы ашылған бекеттерде ескірген газет-журнал мен кеңсе қағаздары қабылданып жатыр. Артынша ол Алматыға жіберіліп, қайта өңдеуден өтпек.

Игі іске кәсіпкер Қайыржан Айсин мен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері ұйытқы болған. Былтыр бастамашылар 36 тонна қағаз қалдықтарын жинаған. Биыл олар бұл көрсеткішті 100-ге дейін жеткізбек. Қайталама шикізатты қабылдау акциясы маусымның 1-не дейін жалғасады. Кейін оны бизнесмен Алматыдағы қайта өндеу зауыттарына сатып, жиналған қаражатты қайырымдылық іске бағыттамақ.

Қайыржан Айсин
, кәсіпкер:

Біз қағаз қалдықтарын 10 теңгеден сатып, ол қаражатты эпилепсиямен ауырып жүрген 4 жасар Әлиханның емделуіне жұмсамақпыз. Бір миллион теңге жинаймыз деп ойлап отырмыз. Қағазды кейбіреулер ауылдардан да келіп тапсырады. Бұл орайда, әсіресе жергілікті университет пен әкімдікке алғысымды білдіргім келіп тұр. Жалпы
, бұл іспен 3 жыл айналысып келемін.

Абзал ҚҰРМАНКИН