$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Иран мұнай өндіру қарқынын екі еселемек

AstanaTV
15.04.2014ж. 13:00
881
Иран мұнай өндіру қарқынын екі еселемек

Еуропаны көгілдір отынмен қамтамасыз етуге Тегеран да үлес қоспақ. Бұл туралы Иранның өндіріс, шахталар және сауда министрі Мохаммад Реза Нематзаде мәлімдеді.

Алайда, «Ресейдің бәсекелесі» болғысы келмейтінін де жеткізді. Тегеранның Еуропадағы кей елдерімен келісімдері бар көрінеді, дегенмен санкциялар әсерінен олар әзірге тек қағаз жүзінде қалып отыр. Женевалық келісімдер Иранға тиімді нәтижелер беріп отыр. Иран енді мұнай мен газ өндірісін ұлғайтуға бел буып отыр. 2018 жылға дейін қара алтын көрсеткішін айына 5,7 млн баррельге дейін жеткізуді жоспарлауда. Әзірге бұл көрсеткіш 3 млн баррель шамасында. Жыл соңында мұнай өндірісі 1 млн баррельге артады.

Сондай-ақ, газ өндірісі де 5 жылда 1 млрд текше метрді құрамақ. Бұл бастамаға мемлекет билігі 4 млрд доллар қаражат құюға әзір.

Айта кетейік, соңғы жылдары Иран АҚШ пен Еуропаның санкцияларынан өндіріс көлемін азайтып, тек 2012 жылдың өзінде ел қазынасы 40 млрд табыстан қағылған.