Астана қаласы бойынша жылу беру
маусымы тағы 5 күнге созылды. Ақпарат қала
әкімдігінің ресми сайтында жарияланды. Бұдан бұрын бас шахарды жылудан 15 сәуір
күні ажырату жоспарланған.
Алайда соңғы күндері ауа
температурасының нөлден төмен көрсеткішке дейін түсуіне байланысты коммуналдық
қызметтер жылыту мерзімін ұзартып отыр. «2013-2014 жылдың жылу беру маусымы күн
райы +8 градустық көрсеткіште тұрақтаған кезде тоқтатылады» делінген
хабарламада.
Өз кезегінде «Қазгидромед» үстіміздегі
аптада Астанада күн құбылмалы, жауын-шашынсыз болып, сынап бағынасы түнде -3,
+2, күндіз +10-нан +15-ке дейін жылынады, деп болжап отыр.