$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Павлодар жастары Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы қарсаңында жиын өткізді

AstanaTV
15.04.2014ж. 13:00
919
Павлодар жастары Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы қарсаңында жиын өткізді

«Бірлік және келісім: Қазақстандық даңғыл жол». Павлодар жастары Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы қарсаңында осындай атаумен жиын өткізді.

Бұған белсенді жас буынмен қатар, халық қалаулылары, этно-мәдени орталықтар өкілдері мен тарихшылар қатысты. Шараны ұйымдастырушы - «Жас отан» жастар қанатының «Еркін пірік» пікірталас клубы.

«Қазақ елі - көп этносты мемлекет. Сондықтан, біздің негізгі тірегіміз - ұлтаралық татулық», - деді шараға арнайы шақырылған «Нұр Отан» партиясы Павлодар қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арман Ешмұратов. Тарихшы өз сөзінде тәуелсіздік алған жылдарға тоқталды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлтаралық мәселеге келгенде сындарлы саясатты ұстанғанын атап өтті. Әсіресе, елімізде құрылған теңдесі жоқ институт Қазақстан халқы Ассамблеясы - Президентіміздің көрегендігінің белгісі, деді. Шындап келгенде, аталған құрылым бүгінде әр санаттағы қауымды біріктірген, түрлі тілді, бірақ, мақсаты бір - бірегей шаңырақ. Ең бастысы, қазір ассамблея жұмысына жастар белсене араласуда.

Элина Паули, Павлодар облыстық ҚХА жастар бірлестігі кеңесінің төрағасы:

Келісім мен бірлік - маңызды тақырып. Сондықтан, жастар арасында осы тақырыпты, осындай мәселелерді көтеру, әрине, керек. Себебі
, жастар - біздің Қазақстанымыздың болашағы.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ