$479.05 €534.57 ₽5.17
×

АҚШ-та ипотекалық несие алушылар саны күрт қысқарды

AstanaTV
15.04.2014ж. 20:00
672
АҚШ-та ипотекалық несие алушылар саны күрт қысқарды

Америкада ипотекалық несие алушылар саны күрт қысқарды. АҚШ-тың Wells Fargo және JPMorgan Chase сияқты алпауыт ипотекалық компаниялары үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында несиенің жалпы көлемі небары 226 миллиард долларды құрағанын айтады.

Бұл көрсеткіш Американың қаржы нарығында ең қарқынды болған 2006 жылғы көрсеткіштің үштен біріне де жетпей отыр. Құлдырау 2013 жылдың ортасынан бері байқалған. Оны федаралды қор жүйесінің несиелендіруді ынталандыру көлемін азайту жөніндегі мәлімдемесінен кейінгі ипотекалық жарнанының 1%-ға артуымен байланыстырып отыр. Осыдан кейін америкалықтар баспананы қолма-қол ақшаға сатып алуды дұрыс көреді.

Ипотекалық банктер ассоциациясы мамандарының айтуынша, бұндай жағдай несие көлемінің одан бетер төмендеуіне алып келуі мүмкін. Экономистердің пікірінше, енді ірі және шағын банктерге жаңа жағдайға бейімделу керек. Себебі көлемі қысқарған ипотека жүйесі ірі бизнесті бұрынғы жылдардағыдай қолдай алмайды.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ