Теріскейліктер су тасқынынан зардап
шеккен Атбасар халқына қол ұшын созды. Азық-түлік
және түрлі материал артылған 7 КамАЗ кеше кешқұрым Петропавлдан топан су басқан
қалаға бет алды. Игі іске әсіресе кәсіпкерлер ат салысты. Іскерлер 14 млн теңге жинап, бұқараға қажетті нәрселерді сатып алған. Жүк көліктері көздеген
жерлеріне 1 күнде жетеді деп жоспарланып отыр.
Есенгелді Қарбаев, СҚО Жер қатынастары басқармасының басшысы:
Бұның ішінде сол жердің
тұрғындарына арналған 10 тонна ұн, 5 тонна картоп өнімдері, 25 куб ағаш
материалдары үйдің жабдықтарына керек. 1
километрге тақау электрон сымдар қиратылған үйлерді жөндеуге, қалпына келтіру
үшін, одан қала берді басқа да ұсақ-түйек электронды материалдар бар. Жалпы
айтқанда, мұнда қала үлкен көмек көрсетіп отыр. Қала әкімдігі, қаланың
кәсіпкерлері үлкен көмек көрсетіп отыр.
Еске салайық, өткен аптада күннің күрт
жылынуынан Ақмола облысындағы Атбасар қаласын топан су басып қалды. Соңғы мәлімет бойынша, 300-ден астам үй су астында қалған.
Оқиға орнында болған билік өкілдері, тасқынынан үйлері қирап қалған атбасарлық
тұрғындарға жаңа баспаналар берілетінін айтқан болатын. Әзірге мұнда 44 баспана
тұруға жарамсыз деп танылған.
Абзал ҚҰРМАНКИН