$479.05 €534.57 ₽5.17
×

ҚХР Құрама штаттар өзге елдің ішкі саясатына араласуын доғаруды сұрады

AstanaTV
16.04.2014ж. 10:00
1236
ҚХР Құрама штаттар өзге елдің ішкі саясатына араласуын доғаруды сұрады

ҚХР СІМ АҚШ-ты елдің ішкі шаруасына араласпауын сұрады. Бұндай мәлімдемені қытайлық сыртқы істер ведомствосы Вашингтон Бейжіңнен оппозиция белсендісін қамаудан босатуын талап еткеннен кейін жасады. Бұл мәселеге Еуроодақ та алаңдаулы.

Қытай министрлігінің ресми өкілі Хуа Чуньин оппозиционер Сюй Чжиюн Қытай азаматы, және ол ел заңын бұзды сол үшін жазаланбақ деп жауап қатты. Вашингтон аспан асты еліндегі жекелеген адам құқықтары бұзылған жәйттарға да араласып, дипломаттары сот залдарына жиі келіп тұратын көрінеді.

Алайда, тәртіп бойынша, оларды сот отырысына кірзігбейді. Енді ҚХР құрама штатарға өзге елдің ішкі саясатына араласуын доғарсын деп талап қойып отыр.

Хуа Чуньин, ҚХР СІМ ресми өкілі:

Біз АҚШ-ты жекелеген жәйттарға байланысты Қытайды сынауын тоқтатуын сұраймыз. Адам құқықтарын сылтау етіп, бөтен елдің ішкі шаруасына бас сұғуға болмайды. Ақ
 үй осыны ұмытпағаны жөн!