Астана-Шымкент бағытында тағы бір
поезд жолға шықпақ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ екі қала арасында қатынаушылардың
тым көп болуын ескере отырып, жаңа жүрдек поезды жүргізе бастайтынын хабарлады.
Жаңа жолаушылар пойызы 2 маусымнан
бастап қатынайды. Ол «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құрылады. Оның ішінде үш вагон - «Бизнес» класс, тағу үшеуі - «Гранд», 12 - «Турист» вагондары
болмақ. Әзірге жаңа пойыздың билеттерінің құны айтылмауда. Алдағы күндері оның
бағасы, пойыздың жүріс жолы және аялдамалардың саны хабарланбақ.
Илхам ИБРАГИМ