Қазақстанның мемлекеттік
қызметкерлерінің 55% - нәзік жандар. Бұл туралы еліміздің орталық сайлау
комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен, «Біріккен Ұлттар Ұйымы - Әйелдер» бөлімі
штаб-пәтерінің өкілдерімен кездесуде айтты.
Басқосудың басты мақсаты - әйел
адамдардың саясаттағы рөлін айқындап, әйелдер ісі бойынша халықаралық ұйымның ынтымақтастығын нығайту болып табылады.
Жүздесу барысында сондай-ақ, Қазақстан
әйелдерінің сайлау науқанында атқаратын рөлі әңгіме болды. Өз ретінде халықаралық ұйым маманы Габриэлла Бардал
қазақстандық тәжірибеге оң баға берді.
Ләззат Сүлеймен, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
Жылдан жылға әйелдердің өкілділігі артып келе жатыр. Егер 1995-жылдары
сайлауға түсетін әйелдердің саны 10% болатын болса, қазір 25-30%-ға дейін
болды. Мысалы, біздің жоғарғы органдарда, Парламент Мәжілісіндегі әйелдердің
өкілдігі 26%-ға, облыстық аудандық, қалалық мәслихаттағы әйелдердің өкілдігі
18-19%-ға жетті. Сондықтан да, біздің елімізде
соңғы кездері әйелдердің саяси белсенділігі артып келе жатыр.
Жұрағат БАМАН