$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Гвинеяда Эбола дерті кәсіпкерлер жұмысына кесірін тигізуде

AstanaTV
16.04.2014ж. 13:00
1086
Гвинеяда Эбола дерті кәсіпкерлер жұмысына кесірін тигізуде

Гвинеяда 100 адамның өмірін жалмаған Эбола безгегі енді елдің туристік бизнесіне қауіп төндіріп тұр.

Жергілікті мейрамханалар мен туристік нысаншар саяхатшылардың жаппай кетуінен қомақты қаржыдан қағылып жатыр. Гвинеялықтардың өздері де көпшілік жерлерден алшақ жүруге тырысатын көрінеді. Қонақ үйлердің әкімшілігі мейман санының еселеп азаюы жайын айтып дабыл қағуда. Бұған қарамастан, ел билігі жағдайдың қалыпты екенін алға тартып отыр.

Олардың айтуынша, соңғы екі аптада аталмыш безгекті жұқтырудың бірде-бір жаңа оқиғасы тіркелмеген. Вирустың таралмауын қамтамасыз ету үшін Гвинея үкіметі аурудың негізгі тасымалдаушысы жарқанат саудасына шектеу салды. Қазіргі таңда елдің оңтүстігінде карантин режимі екі аймақта белгіленіп отыр.