$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Петропавлдағы топан судың кесірінен екіге бөлінген тас жол әлі сол қалпы жатыр

AstanaTV
16.04.2014ж. 13:00
1111
Петропавлдағы топан судың кесірінен екіге бөлінген тас жол әлі сол қалпы жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында топан судың кесірінен екіге бөлінген, республикалық маңызы бар Алматы-Екатеринбург тас жолы әлі сол қалпы жатыр. Бұл жайында бүгін теріскейлік Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мәлімдеді.

Коммуналдық қызмет мамандары ағын судың тоқтағанын күтіп отыр. Дегенмен, көлік қатынасы айналма жол арқылы реттеліпті.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Тобыл өңірінен келген топан су Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов ауданындағы тасжолдың үстімен ағып, ақырында жолдың бір бөлігін шайып кеткен болатын. Осының салдарынан ұзындығы 10 метр болатын шұңқыр пайда болды. Апат орнына ауданға қарасты коммуналдық қызмет өкілдері жұмылдырылған. Жолды қалыпқа келтіру үшін олар енді көрші облыстан ойысқан судың толықтай тоқтауын күтіп отыр.

Виктор Держанский, Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД судан құтқару қызметінің жетекшісі:

Біз су басқан маңайды қатаң бақылауда ұстап отырмыз. Қазір судың қашан тоқтайтынын дөп басып айту қиын. Көліктер айналма жолмен қатынап жүр. Ең бастысы, жақын жерде орналасқан ауылдарға қауіп төніп тұрған жоқ.

Абзал ҚҰРМАНКИН