$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтың есебін тыңдады

AstanaTV
16.04.2014ж. 20:00
939
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтың есебін тыңдады

Елімзідегі қаржы секторының дамуы тұрақты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтың есебін тыңдап, осындай қорытынды жасады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Экономикадағы несиелер өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға өсті. Халықтың депозиттерінің көлемі 10 триллион теңгеге жетті. Біздің экономикалық қауіпсіздігіміздің кепілі болып саналатын Ұлттық қордың қаражаты бір жыл ішінде 22%-ға дерлік артып, 70 миллиард долларға ұлғайды. Зейнетақы активтерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына біріктіру үдерісі аяқталды. Сақтандыру нарығы да өсіп жатыр, оның активтері есепті кезеңде 18%-ға артты.

Өз кезегінде Ұлттық Банк төрағасы қаржы-несие саясатын іске асыру және қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде баяндады. Кеңес қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Банк пен Үкіметке екінші деңгейдегі банктер портфеліндегі пайда бермейтін несиелер деңгейін азайтуды тапсырды.

Сондай-ақ банк секторын Базель III капиталы стандарттарына өткізуді қамтамасыз етіп, құнды қағаздар нарығын дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. "Бастысы биылғы жылдың маусым айына дейін Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеу жұмысын аяқтау қажет", - деді Президент.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА