$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Салымшылар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаржы туралы мәліметті дер кезінде ала алмайды

AstanaTV
16.04.2014ж. 20:00
902
Салымшылар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаржы туралы мәліметті дер кезінде ала алмайды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысы көлеңкелі. Салымшылар есепшоттағы қаржы туралы мәліметті дер кезінде ала алмайды. Сондықтан Гүлжан Қарақұсова қор қызметі туралы ашық мәлімет беруді сұрап, Ұлттық банк төрағасы атына сауал жолдады. Депутаттың айтуынша, зейнетақы жинағы туралы мәлімет алуға шалғайдағы ауыл тұрғындарын айтпағанда, қала халқы да бірталай уақыт жоғалтады. 

Гүлжан Қарақұсова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Салымшылардың негізгі бөлігі өздерінің жинағы туралы мәліметті ала алмай отыр. Сондықтан наразылар саны артуда. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдары ашылмаған аймақтардың тұрғындары қажетті мәліметті ала алмай отыр. Ақпаратты ғаламтор арқылы алуға да мүмкіндік жоқ. Сол себепті Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі туралы барлық ақпаратты беруіңізді сұраймыз.

Айгүл ӘДЕПБАЙ