$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Донордың органдарын трансплантацияға енді туыстарының рұқсатынсыз-ақ алуға мүмкіндік тумақ

AstanaTV
16.04.2014ж. 20:00
987
Донордың органдарын трансплантацияға енді туыстарының рұқсатынсыз-ақ алуға мүмкіндік тумақ

Донордың органдарын трансплантацияға енді туыстарының рұқсатынсыз-ақ алуға мүмкіндік тумақ. Донор көзі тірісінде келісім берсе - сол жеткілікті. Бүгін Мәжілісте «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске өзгерістер мен толықтырулар ұсынған министр Салидат Қайырбекова осыны мәлімдеді. Алайда қара нарықтың белең алуына жол бермеу мақсатында жүкті әйелдер мен балалардың ағзаларын алуға рұқсат етілмейді. 

Салидат Қайырбекова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Біздің проблеманы білесіздер. Мәселе медицинада емес. Медицина трансплантология жасауға дайын. Алайда адамдардың санасы әзірге дайын емес. Сондықтан заң жобасында адамның тірі кезінде ерікті түрде өз келісімі бойынша ағзаларын алуға рұқсат беретін нормалар енгізілді. Бұл жағдай дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп, донорлықтың дамуына жағдай жасайды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ