$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Өскеменде тек микроскоппен ғана көруге болатын көрме өтті

AstanaTV
17.04.2014ж. 10:00
1082
Өскеменде тек микроскоппен ғана көруге болатын көрме өтті

Өскеменнің өнер мұражайында ерекше көрме басталды. Жәдігерлердің ерекшелігі сол оларды көзбен көру мүмкін емес.

Тек микроскоппен үңілсеңіз ғана көре аласыз. Тағаланған бит, алма дәнінен жасалған шәй ішіп отырған бейнелер мен иненің көзінен жасалған түйелер керуенін жұртшылық микроскоппен көруде.

Новосібірлік физико-математика ғылымдарының докторы Владимир Аниськин көрмеге 120-дан астам туынды қойып отыр. Шебер мұндай жәдігерлерді жасаумен 15 жылдан бері айналысып келеді екен. Сондай-ақ, шебердің 140-тан астам туындысы Санкт-Петербург қаласы мен Еуропаның бірнеше ірі мұражайларында көрсетілімге қойылған.

Тамара Мухина, Өскемен қаласының тұрғыны:

Менің айтар сөзім жоқ. Мұндай туындыларды жасау үшін адамға құдайдың өзі дарын беруі керек шығар. Мен микроскопқа үңіліп бір тал шашқа ойылып салынған бейнені көрдім.

Қанат ОРАЛБЕК