$479.05 €534.57 ₽5.17
×

АҚШ-тағы өрт сөндіру машинасы мейрамхана қабырғасын қиратқан, 14 адам зардап шекті

AstanaTV
17.04.2014ж. 13:00
1155
АҚШ-тағы өрт сөндіру машинасы мейрамхана қабырғасын қиратқан, 14 адам зардап шекті

Лос-Анджелес маңында өрт сөндіруге бара жатқан қос көлік жол бөлісе алмай, біреуі жол жиегіне шығып кетіп, мейрамханалардың біріне барып соғылған.

Оқиға Монтерей-Парк қаласында орын алған. Салдарынан 14 адам жарақат алды. Әзірге 9 адамның ауруханаға түсіп, бір адамның ауыр халде жатқаны хабарланды. Жапа шеккендер арасында 5 өрт сөндірушімен қатар мейрамхана меймандары мен оқиға орнында болған жаяу жүргіншілер де бар.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ