$478.35 €504.04 ₽4.86
×

Алматыдағы «Даму» қорына шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға 100 млрд теңге табыс етілді

AstanaTV
17.04.2014ж. 13:00
920
Алматыдағы «Даму» қорына шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға 100 млрд теңге табыс етілді

Елбасының тапсырмасына сәйкес, алдағы жылдары шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға 100 млрд теңге қарастырылған болатын.

Бүгін Алматыда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі осы қомақты қаражатты құжат жүзінде «Даму» қорына табыс етті. Тараптар өзара келісім-шартқа қол қойып, мемлекет қаржысының жұмсалу тетіктерімен таныстырды. Бизнесті қолдауға бөлінген қаражатты «Даму» қоры екінші деңгейлі банктерге бөліп береді.

Ең негізгі деген 12 банктің өкілдері де бүгін қаржыны кәсіпкерлерге үлестіру үшін өз жауапкершіліктерін құжат жүзінде бекітті. Алдағы күндері ұлттық қордан бөлінген қомақты сомма кәсіпкерлерге комиссиясыз әрі төменгі үстеме ақы мөлшерлемелерімен берілмек. «Даму» қоры өз кезегінде несиенің жұмсалуының барлық процедураларын мұқият қадағалайды. Нақты отандық өнім шығаруға бағытталған кәсіпорындар үшін кредиттің көлемі 10 млн АҚШ долларына дейін 10 жылға беріледі. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6%-дан аспайды.

Қуандық Бішімбаев, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы:

Енді жаңа бағдарламаның шарттары қол жетімді. Он жылға дейін несие алуға мүмкіндік туды. Өз өндірісін дамыту үшін. Және оның пайызы да өте төмен. Небәрі 6%-бен кредит алу - біздің орта және шағын кәсіпкерлік үшін арман болған. Енді
олар осы арманына жетті десе де болады.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ