$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Балқашта жаңа балабақша ашылды

AstanaTV
06.05.2016ж. 20:00
2249
Балқашта жаңа балабақша ашылды

Қарағанды облысы Балқаш қаласында «ЭКО» атты ерекше балабақша ашылды. Аты айтып тұрғандай, нысан экологиялық таза құрылыс заттарынан салынған. Өндірісті аймақ үшін бұл балабақша өте тиімді. «Балапан» бағдарламасы аясында бой көтерген мекеме 320 балаға арналған. Балақайларға «Өзін-өзі тану» сабағы жаңа бағдарлама бойынша жүргізіледі. Бүлдіршіндерді отансүйгіштікке баулитын «Жас жеңімпаз» үйірмесі де жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек, балалар спортына басты назар аударылмақ. Ал, ерекше дарынды бүлдіршіндер үшін Монтессори бөлмесі бар.

Зағира  Мұхаметжанова, «Балақай» балабақшасының директоры:

Медиициналық бөлмесі, асханасы мен азық сақтайтын орындары бар. Кір жуатын орны да аса ыңғайлы. Барлығы санитарлық талаптарға сай жасалған.

Осы балабақшаның іші, ата-ана ретінде, маған өте қатты ұнады. Іші көркем, әдемі, мынадай жақсы ғимарат екен.
 

Данияр ӘЛІМҚҰЛ