Венесуэла астанасы - Каракаста үкіметке қарсы шеру қайта
жанданды. Полиция қызметкерлері ереуілшілерді сабасына түсіру үшін көз
жасауратқыш газ қолдануға мәжбүр.
Тұрғындар үкіметтен жалақының тұрақты
беріліп, инфляция деңгейінің төмендеуін талап етуде. Елде жұмыссыздар қатары күрт артып, азық-түлік бағасы
шарықтап кетті. Салдарынан қылмыс қатары да арта түсті. Ал, жаңа үкімет елдегі
экономикалық жағдайды тұрақтандыра алмай жатыр. Өткен аптада президент Николас
Мадуро оппозиция көшбасшыларымен келісім жасаспаққа бел буды. Алайда әлі күнге дейін
нәтиже жоқ.
Айта өтейік, наразылық шаралары ақпан
айнынан бастау алды. Бүгінгі күнге дейін 40
адам мерт болып, 650-ден астамы ауыр жарақат алған. Елдің ішкі істер министрі
сансыз ереуілдер елдің берекесін қашыру үшін әдейі ұйымдастырылып отыр деген
пікірде. Оппозиция бас көтергендерге күніне 800 доллардан төлеп отыр дейді.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА