Ал Жамбыл облысында жүк поезының бірнеше вагоны рельстен шығып кетті. Оқиға күндізгі сағат 2 жарымдар шамасында Рысқұлов ауданындағы «Луговой-Қорағаты»
шойын жолы аралығында болды.
Шудан Жамбылға бет алған 52-ші тіркемелі
поездың 13 вагоны рельстен ауытқып кеткен. Салдарынан № 56 "Қызылорда-Көкшетау" бағытындағы поезд төрт сағаттай, "Атырау-Алматы" поезі 1
сағаттан астам уақыт тоқтап тұрды. Ал № 55-ші «Көкшетау-Қызылорда» поезы уақытынан
3 жарым сағатқа кешіккен.
Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. 4 сағатта шойын
жолдар жөнделіп, пойыздар қозғалысты жалғастырған. Ал апаттың шығу себептері
анықталуда.
Данияр ӘЛІМҚҰЛ