$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Қазақстан мен Түркия арасында 16 әуе рейсі ашылатын болды

AstanaTV
22.04.2014ж. 10:00
1062
Қазақстан мен Түркия арасында 16 әуе рейсі ашылатын болды

Қазақстан мен Түркия арасында әуе қатынасы жандана түспек. «Анталия-Алматы», «Анталия-Астана» және «Анталия-Қарағанды» бағыттары бойынша жаңа 16 әуе рейсі ашылатын болды.

Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл келісімге Қазақстан мен Түркияның авиация ұйымдары қол жеткізді. Тұрғындар арасында аталған бағыттардың жоғары сұранысқа ие екендігі белгілі. Жаңа әуе рейстер 2014 жылдың жазғы кезеңін толық қамтиды. Ал ұшақ билеттері еркін сатылымға шығатын көрінеді.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА