$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Бүгін Ресей астанасында «Каспий бестігі» елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті

AstanaTV
22.04.2014ж. 13:00
1210
Бүгін Ресей астанасында «Каспий бестігі» елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті

Каспийді бөлісу мәселесі жалғасуда. Бүгін Ресей астанасында «Каспий бестігі» елдерінің сыртқы істер министрлері кездеседі. Жиында Каспий теңізінің мәртебесі туралы конвенция жобасы қаралмақ.

Құжатта, үшінші елдер үшін Каспийде әскери күштерді орналастыруға шектеу енгізу жайы көзделген. Бұл жөнінде ресейлік «Коммерсантъ» басылымы жазады.

Мәскеудегі басқосуға Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, Ресей сыртқы ведомство басшысы Сергей Лавров, Әзірбайжан, Иран және Түрікменстан сыртқы істер министрлері қатысуда. Министрлер алдағы күзде Астраханьда өтетін төртінші Каспий саммитіне әзірлік мәселелерін талқылайды.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА