$480.61 €534.53 ₽5.28
×

АҚШ Ауғаныстандағы әскерилер санын қысқартады

AstanaTV
22.04.2014ж. 13:00
775
АҚШ Ауғаныстандағы әскерилер санын қысқартады

Халықаралық коалиция күштері толықтай шығарылған соң Ауғаныстанда қалатын америкалық әскерилер саны жоспардағы 10 мың сарбаздан әлдеқайда аз болуы мүмкін.

Коалиция күштерінен кейін қанша әскери қалатыны Ауғаныстан мен Құрама Штаттар арасындағы қазіргі өзекті мәселе. Тараптар Америка қарулы күштерінің әскери операция аяқталғаннан кейінгі статусын нақты анықтап, Қауіпсіздік жөнінде келісім орнатуға талпынды.

Алайда Вашингтон Ауғаныстанның қазіргі президенті Хамид Карзаймен келісе алмады. Карзай Қауіпсіздік жөніндегі келісімге қол қоймады. Пентагон Ауғаныстанда кем дегенде 10 мың әскери қызметкерді қалдыру керек деп санайды. Шетелдік күштер болмаса, ауған күштік құрылымдарының дайындығы тез құлдырайды дегенді алға тартып отыр. Өйткені ауған әскері өз бетінше күресуге қауқарсыз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ