$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы "Нұр Отан" фракциясымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істемек

AstanaTV
22.04.2014ж. 20:00
1072
Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы "Нұр Отан" фракциясымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істемек

Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы "Нұр Отан" партиясының Мәжілістегі фракциясымен тығыз қарым- қатынаста жұмыс істемек. Бірлескен жұмыс жоспары бүгін бекітілді. Парламентте өткен жиында тараптар тиісті құжатты рәсімдеді.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, "Нұр Отан" фракциясының жетекшісі:

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шешілмей жатқан мәселені терең біледі. Бірнеше жыл бұрын зерттеу өткізген. Олардың білімін біздің депутаттардың мүмкіншілігін бірге қоссақ. Ол іс тезірек жүзеге асады деген ойымыз бар.

Жоспарда ұлттық палата мен заң шығарушы орган бірлесе атқаратын он үш бағыт белгіленген. Парламенттік фракция кәсіпкерлерге кедергі болған сұрақтардың заң жүзінде тездетіп шешімін табуына ықпалдастық танытатын болады. Аталмыш жоспардың орындалуын қадағалау депутат, "НұрОтан" фракциясының мүшесі Нұртай Сабильяновқа жүктелді.

Бауыржан Байбек , "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Бизнестегі жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлеріміз - ең идеялары көп, өзінің күш жігері бар, күнімен-түнімен Елбасының саясаты арқасында халықтың мүддесі үшін жұмыс істеп жатқан азаматтарымыз. Бүгін осы тарихи кезең. "Нұр Отан" партиясы билеуші партия ретінде үлкен жауапкершілік өзімізге жүктеп отырмыз. Сол себепті осы палатамен бірлесе отырып, бар мәселе шешіледі деп мен сенемін.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ