$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Бауыржан Байбек Тәжікстан Халықтық-демократиялық партиясы өкілдерімен кездесті

AstanaTV
22.04.2014ж. 20:00
1131
Бауыржан Байбек Тәжікстан Халықтық-демократиялық партиясы өкілдерімен кездесті

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Тәжікстан Халықтық- демократиялық партиясы өкілдерімен кездесті. Онда партияаралық өзара қарым-қатынасты нығайту мәселелері талқыланды. Бауыржан Байбек Қазақстан мен Тәжікстанды уақыт сынынан өткен тату көршілік байланыстыратынын атап өтті.

Тәуелсіздікке қол жеткізген уақыттан бері қос ел арасындағы қарым-қатынас достық пен әріптестік ниетте дамып келеді. «Партия Көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты арқасында Қазақстан ел дамуының, басты шарты болып табылатын этникалар арасындағы келісімнің қалыптасқан моделін мақтан етеді», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Ол сондай-ақ Қазақстанда өмір сүріп жатқан 130 ұлттың бір өкілі - тәжік диспорасы - бірлік, тұрақтылық, достық пен толеранттық басты құндылықтар саналатын қазақстандық қоғаммен біте қайнасып кеткенін айтты.

Бауыржан Байбек,  "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Сіздердің партияларыңыз секілді, біздің де өз еліміздегі мықты саяси күшке айналғанымызға 15 жыл толды. Басты бағытымыз ретінде бірлікті, татулық пен бейбітшілікті ту етіп келеміз. Мемлекетіміздің басшысы айтып өткендей, біздің күшіміз бірлікте. Ауызбіршілікте болсақ экономиканың қарыштап дамуына, елдің өркендеуіне қол жеткізе аламыз. Бүгінгі кездесу мен қол жеткізілген келісімдер қос партия арасындағы байланыстарға тың серпін береді деп сенемін.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА