Өскеменде жол апатынан 8 көлік зардап шекті.
Куәгерлердің сөзінше, апатқа тежегіші істен шыққан экскаватор себеп болған
сыңайлы. Екпінін тежей алмаған ауыр техника бағдаршамда тұрған көліктерді
жаншып өткен.Онымен қоймай, жолдың қарсы бетіндегі темір тұлпарларды да
қиратты. Экскаватордың жылдамдығы жоғары болғаны соншалық, жүргізушілер көлігін
тастап жан жаққа қашқан көрінеді. Абырой болғанда, адамдар дін аман. Полицейлер
қираған көліктерді жолдың шетіне шығарумен әуре. Бейнебақылау камералары мен
көліктегі бейнетіркегіш құрылғысының жазбалары қазір тексерілуде. Бүлінген
көліктерді қалпына келтіруге бірталай қаржы кетеді дейді мамандар.